«Әрбір кездесу – қайталанбас эмоция!»

2016 ж. 8 ақпан сағат 15.00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында №1 облыстық балалар үйі жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесу мақсаты – балалар үйі тәрбиеленушілерінің жоғары рухани сапаларын, өмірге тұрақтылығын қалыптастыруға әсер ету. Бағдарламада қарастырылғандар: тақырыптық видеоларды қарап, талқылау; тәрбиеленушілердің арасында жүргізілген психологиялық-әлеуметтік зерттеулер нәтижесі таныстырылды; балалардың коммуникативті еріктік дағдыларын дамыту бойынша тренингтік жаттығулар. Бұл іс-шараға «Педагогика және психологиря» мамандығының 3-4 курс студенттері белсенді атсалысты. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен кездесу барлық қатысушыларға жарқын әсер сыйлады!

 

Іс-шараны ұйымдастырушы. Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Пузикова С.М.

Басылым күні :  14.03.2016