Көмек беру - парызымыз!

2016 жылдың 18 ақпанында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы № 1 балалар үйі жоғары сынып тәрбиеленушілерімен іс-шара өткізді. Психологтың ұсынысы бойынша, бұл іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің қарым-қатынасындағы ішкі қысым мен жоғары агрессивтілікті түсіру. Кездесу басында өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыруға арналған интербелсенді әңгімелесу жүргізіліп, стрессті түсіруге арналған арт-терапиялық технологиялар мен тәрбиеленушілірдің құндылықтары мен өзекті қызығушылықтары сферасын анықтау мақсатында әдістеме жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: Пузикова С.М., Отарбаева А.Б., Мадалиева З.Б.

Басылым күні :  14.03.2016