«Айналаңды нұрландыр»

2016 жылдың 8 ақпанында 15.00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде облыстық № 1 балалар үйінде жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара мақсаты - балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өміршеңдігі мен жоғары рухани сапаларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада: тақырыптық видеоматериалдарды талдау, психологиялық-әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін талқылау және балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша тренинг жүргізілді. "Педагогика және психология" мамандығының 3-4 курс студенттері белсенді қатысты.

Ұйымдастырушы: педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы оқытушысы  Пузикова С.М.

Басылым күні :  20.02.2016