Тәрбиеленушілермен кездесу!

2016 жылдың 18 қаңтарында 16:00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары № 1 балалар үйінің жоғары сынып тәрбиеленушілерімен іс-шара жүргізді.  Іс-шараның басты міндеті, психологтың нұсқауы бойынша  жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасындағы ішкі қысым мен жоғары агрессивтілігін түсіру. Іс-шара басында тәрбиеленушілермен өмірге оптималды бағдар қалыптастыру бойынша интерактивті әңгіме жүргізілді, стресті түсірудің арт-терапиялық техникалары және сауалнамалар пайдаланылды. Балалар қызығушылық танытып отыра қатысты, тағы да кездесуге шақырды және «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынын ойнауды ұсынды. Ұйымдастырушы: Пузикова С.М.

Басылым күні :  26.01.2016