«Жарқын болашақ» атты бос орындар жәрмеңкесі

18 қантар 2016 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған «Жарқын болашақ» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Алматы қаласының деңсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысып өзіндік кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-психолог және әлеуметтік педагог кәсібінің қыр-сырларын, бұл мамандықтың үлкен мүмкіндіктерімен, болашағымен және біздің университет студенттерінің терең білімдерін және сұраңысқа ие екендігін айтып өтті. Біздің жұмыс беруші серіктестерімізге алғысымыз шексіз!

Басылым күні :  22.01.2016