«CAMERATA KAZAKHSTAN»

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының студенттері мен оқытушылары Алматы қалалық ардагерлер үйінің тұрғындарын К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты оқушыларының «CAMERATAKAZAKHSTAN» қойылымына шақырды. Қойылым 2015 жылы 3 желтоқсанда Абылайхан даңғылында орналасқан Қазақстан концерт залында өтті. Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, жас орындаушылар классикалық және заманауи музыкалық шығармаларды «CAMERATAKAZAKHSTAN» оркестрінің сүйемелдеуімен виолончель, скрипка, саксофон, фортепиано, габой секілді аспаптарда ойнады. Қатысушылардың басым бөлігі ардагерлер болды, сонымен қатар көрермен студенттер мен оқытушылар қойылымның жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті.

Басылым күні :  20.12.2015