«Біздің есте сақтауымыз қалай жұмыс жасайды»

« Дені саудың жаны сау» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ВВС-дің ғылыми, атақты фильмі «Біздің есте сақтауымыз қалай жұмыс жасайды» тамашалап, талқылауды ұйымдастырды.

Өткізілген уақыты: 27 қараша, 16.00

Өткізілген орны: ауд. 123

Жауаптылар: Нурахунова А.А., Мадалиева З.Б.

Фильмде біздің есте сақтауымыздың өзіндік ерекшелігін түсіндіретін психология мен медицина саласында соңғы жылдары қызығушылармен жинақталған мәнді эксперименттер келтірілген.

Фильмнің қорытындысы бір мағыналы: біздің есіміз көріністер мен жағдайларды сақтап жинақтаушы емес, ол нақты бір механизм. Оның көмегімен біз эмоциямызды басқарып, өзіндік «Мен» арқылы болашағымызды жоспарлап, талдай аламыз.

Басылым күні :  07.12.2015