«Логос» - бұл еркін шығармашылық кеңістігі!
2015 жылдың 2 желтоқсан күні Философия және саясаттану факультетінің акт залында ««Логоста »болғым келеді» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне арналған, «Мен жастарға сенемін» атты студенттік жастардың Республикалық патриоттық фестивалі аясында өткізілді.
Іс-шара педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры м.а. Қасен Г. А. басқаруындағы «Логос» студенттік ғылыми қоғамымен ұйымдастырылды. Мерекені ұйымдастыруға «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтарының 3,4 курс студенттері- СҒҚ Кеңесінің өкілдері белсенді қатысты.
Логостың студенттiк өмiрi жайдарын ұстап келген үш жүргізуші: "Бiлiмдарлық", "Эмоция" және "Көңiл ортақтығы" – іс-шараны келесі слогандар және лептермен бастады:
«Логос» - бұл еркін шығармашылық кеңістігі!
«Логос» - бұл оқу мен шығармашылықты қатар алып жүруге болатын жер!
«Логос» - бұл жетістік жолы!
«Логос» - бұл бізді біріктіретін, біздің үлкен отбасымыз!
«Логос» - бұл біз!
Патриоттық түрде өткізілген іс-шара бірінші курс студенттерін «Логос» қатарына қабылдауды тұпсалдады. Ол бірінші курстықтарға арналған сынақтар қатарын қоө түрінде ұйымдастырылған. Онда олар өздерінің білімдерін, әзілтануларын, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетулері шарт болды. Бұл сынақтардан өтумен қатар патриоттық әндер айту, түрлі билер, соның ішінде халықтық, эстрадалық және шет елдік әуендер қосылған бірқилы флеш-моб-попурри биі – «Логос» биі көрсетілді.
Бірінші курстықтар да өздерінің жарқын таланттарын көрсетті, оның ішінде: танымал авторлардың өлеңдерін оқыды, би билеп дайындаған әзілді көріністер қойды. СҒҚ өкілдерінің барлығыда белсенді қатысты: ұйымдастыру мен көріністерге қатысу, мерекенің тұжырымын құрастыру, безендіру, техникалық қолдау жұмыстарын жасады.
«Логоспен» қоштасып жатқан 4 курс студенттеріне, 3 курс студенттерінің дайындаған әсерлі тосын сыйы, ұмытылмас әсер қалдырды.
Іс-шара ұрпақ сабақтастығын жарқын көрсетті: 1 курс студенттері «Логос» СҒҚ қатарына қабылданып жатқанда, 4 курс студенттері өз міндеттерін кіші өкілдерге тапсырып СҒҚ-мен қоштасып жатты.