Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ұжымдық талқылауды қажет етеді.

2015 жылдың 30 қазанында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында факультет деңгейіндегі жас оқытушылар мектебінің мәжілісі өткізілді. Барлық кафедраның сабақтан бас оқытушылары шақырылды.

Кездесу тақырыбы инновациялық оқу орны ретіндегі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі студенттер мен магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру қазіргі таңдағы өзекті сұрақ болып тұрғаны болды.Кафедраның доценті Отарбаева А.Б. бұл жұмысты жүргізудің кафедра бойынша қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдістері мен формаларының жалпы сипаттамасын жасап өтті. Профессор Пузикова С.М. СӨЖ орындаудың түрлі факультет аудиторияларында қабылданған (бакалаврлардағы секілді магистранттарда да) кейбір инновациялық формаларын ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар аталған мәселе бойынша философия және саясаттану факультетінің магистранттарына, және 2014 жылы қарашада жаратылыстану бағытындағы факультеттерінде жүргізілген әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижесімен таныс болды. Жан-жақты оқытушылар қатысқан отырыста айтылған ұсыныстар арасынан жаңа, тың және күтпеген көзқарастар айтылды, олар заманауи оқу орнында жүзеге асуы

мүмкін ойлар да болуы мүмкін екендігін айта кету керек.

Қатысушылар талқыланған мәселеге айтарлықтай қызығушылық білдіріп, өздерінің қазіргі жағдайдағы жоғары оқу орнының дамуына үлес қосатын жаңа талқыламалар жасауға ары қарайда өз үлестерін қосқылары келетіндігін жеткізді.

Басылым күні :  30.11.2015