Жемқорлыққа қарсы бағытталған шара

12 қараша күні философия және саясаттану факультетінде "Педагогика және психология" мамандығы 2 курс магистранттарымен жемқорлыққа қарсы бағытталған шара өтті. Бұл шара жемқорлық туралы ақпараттық бөлімнен және жаттығулардан тұрды, жемқорлық жайлы студенттердің ой өрісін кеңейтуге, жемқорлыққа қарсы ой қабілетің дамытуға, шын әлемді дұрыс бағалауға бағыттылған.

Шараға қатыса отырып студенттер оларға маңызды жемқорлық жайлы түсініктерін және оған қарсы күресу тәсілдерімен таныса отырып өз білімдерін кеңейтті. Шара барысында білім саласындағы жемқорлыққа қарсы тұратындай әр түрлі бағалы идеялар айтылды.

Басылым күні :  16.11.2015