"Опера - өнердің шыңы"

2015 жылдың 11 қараша күні философия және саясаттану факультетінің акт залында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Ұ.Б. Төлешова, Н.С. Әлқожаева, А.Б. Мукашова, К.А. Есенова, Б.А. Арынова, Е.Т. Каденов және «Шабыт», «Гармония» клубының мүшелері ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттердің шығармашылық қабілетін, өнерге деген қызығушылығын дамытуда «Опера - өнердің шыңы» тақырыбында Жамбыл атындағы ҚМ филармониясының солисті. Халықаралық жəне республикалық конкурстардың лауреаты Кубиев Фархат Молдағалиұлы және Абай атындағы МОБТ солисті. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Қанағатов Болат Айкенұлымен кездесу кеші болып өтті. Кешке әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері атсалысты. Опера өнерінің тарихы баяндалып, қонақтардың өмірбаяндары таныстырылды. Олар жеке ән айтып, тапсырмалар орындап, студенттермен ойындар да ойнады. Кешке факультет деканы А.Р. Масалимова, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Г.У. Насимова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Э.К. Қалымбетова кешке қатынасып, факультет деканы Алия Рымгазиевна қонақтарға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Кездесу кеші өте қызықты әрі тартымды өтті. Кеш соңында естелік суретке тусірілді.

Басылым күні :  14.11.2015