«Ертегі терапиясы тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде»

15 қазан 2015 жылы № 9 жатақханада  «100 кітап» жобасы шеңберінде ерекше және қызықты іс-шара: «Ертегі терапиясы тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде» атты тақырыпта болып өтті.  Ертегі терапиясы - ертегіні өзіндік жазу, бұрыннан бар ертегілерді талдау немесе драмалау, сахналау үдерісі.

Ертегі терапиясы әрбір адамға өзін-өзі табуға, қажет емес үрейден арылуға, өз мәселелерін шешу және қалаған тілектеріне жетуді жүзеге асыруға көмектеседі.

Студенттерге келесідей қызықты тапсырмаларды орындау тапсырылды: ертегі құрастыру, ертегі фрагменттерін сахналау, топтық ертегі жазу, "Ертегілік жолдау" суретін салу. Бұл іс-шара студенттердің үлкен қызығушылығын оятып, студенттердің ойынша, жастардың кітап оқуға деген қабілеттіліктерін көтереді. Студенттер келесі ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты: Мадалиева З.Б., Пузикова С.М, Садвакасова З.М., Вишневская А.В.

Басылым күні :  14.11.2015