Психолог Алмазова Оксана Николаевнамен кездесу!

6 қараша 2015 жылы "100 кітап" жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Халықаралық конкурстардың 9 рет Лауреаты, жазушы, психолог, ҚазҰУ түлегі Алмазова Оксана Николаевнамен кездесу өткізді. Кездесуде педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері үлкен қызығушылық танытқандарын, кеш қонағына деген қызықты сұрақтарынан, көркем әдебиеттерге деген махаббаттарынан байқауға болады. Оксана Николаевна жазушы болудың қыры мен сырын, оның психологиямен байланысын айтып өтті. Сондай-ақ Ресей, Украина, алыс шетелдерде өткізіліп тұратын конкурстарға қатысу шарттары, шығарылым тақырыптары және баспалары жөнінде ой бөлісті. Кеш соңында жазушы студенттерге өз кітаптарын қолтаңбасымен бірге сыйға тартып жатты.

Басылым күні :  14.11.2015