ҚЫЗЫҚТЫ ТРЕНИНГ!!!

Қазан айының 4 жұлдызында философия және саясаттану факультетінің оқытушылары тарапынан «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Қазақстанның түрлі қалалар мектептерінің педагог-психолог мамандарына «Педагог-психолог қызметіндегі жаңаша технологиялар» тақырыбында тренинг өткізілді!

Семинар-тренинг мақсаты: педагог-психологтардың кәсіби өзін-өзі айқындау және өзін-өзі дамыту құзіреттіліктерін жоғарылату, педагог-психолог қызметіне қажетті әдіснамалық дағдыларын қалыптастыру, педагог-психолог қызметінде жаңаша технологиялар қолдану біліктілігін арттыру.

Өткізілген уақыты: 4.10. 2015 ж.

Шара өткен мекен-жайы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі А.Ә.Булатбаева, оқытушылар Е.С Оналбеков, З.У.Ельбаева.

Басылым күні :  14.11.2015