«Ұстаз болу – жүректің батырлығы»
Ұстаздар мерексіне орай Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білі беру менеджменті» кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының1 курс студенттері мен 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты концерттік бағдарлама 2015 жылдың 8-ші қазанында өтті. Бұл концертке барлық педагогикалық ұжым мен пән оқытушылары шақырылды. Кафедраның меңгерушісі А.А. Булатбаева, кафедра меңгерушісінің орынбасары Г.А.Аринова, К.Ж.Жолтаева, М.Д.Шағырбаева, К.Ш..Молдасан және бейіндік мектептің тарих пәнінің мұғалімі Д.Зүлкәпіл қатасып, ат салысты . Сонымен қатар бейіндік мектептің 10-шы сынып оқушылары өздерінің құттықтау лебіздерін білдіріп, концерттік бағдарлама қатысты. Магистранттар студенттер мен мектеп оқушыларын факультеттің және кафедраның белсенді қоғамдық өміріне сіңісуіне, білім алушылар мен білім берушілер арасында өзара қарым-қатынастың орнауын негіздеп, нақыштады.
Жауаптылар:; Анарбек Н.А., Молдасан К.Ш., Мурзагулова М.Д.