«Конфуцимен кездесу» кеші

Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттары және 2 курс бакалавр студенттері «100 кітап» жобасы аясында «Конфуцимен кездесу» кешін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара мамыражай жағдайда өтіп, «Конфуцидің рухани-адамгершілік білім беру» мәселелері туралы идеялары талқыланды. Қытай елінен келген магистранттар кеш қатысушыларын қытайдың негізгі дәстүрлі мәдениетімен таныстырды.

Ұйымдастырушылар: Н. Анарбек, С. Пузикова, А. Мынбаева, А.Вишневская

Басылым күні :  08.10.2015