«Ана тілі - арың бұл!»
2015 жыл 22 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тілдер мерекесі аясында философия және саясаттану факультеті педагогика және білім берудегі менеджменті кафедрасы «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары мен 4 курс студенттері «Ана тілі - арың бұл!» атты шығармашылық кеш өткізді.
Кеш барысында ана тілі туралы бейнебаяндар көрсетіліп, өлең жырлар, қанытты сөздер мен әлем тілдері жайында қызықты мәліметтер оқылды. Түрлі викториналық сұрақтар қойылып, ана тілдің қадірі мен бүгінгі таңдағы мәртебесі жайлы сөз қозғалып, ана тілімізді шұбарламау, қазақ жастары барынша насихаттап, тіл мәртебесін көтеру туралы ұсыныстар айтылды.
Ұйымдастырушылар: Н.Анарбек, М.Шагырбаева, Қ.Молдасан, М.Мурзагулова
Басылым күні : 29.09.2015