«Оқып және басқаларға бер!»

Алматы қаласында «Кітап алмасу» акциясы іске қосылды: қала тұрғындары саябақ орындықтарында, аялдамаларда, сауда орталықтарында, кофеханаларда «Оқып және басқаларға бер!», ,«тілдерді үйреніңіз», «Мен достар іздеп жүрмін», «Мен жаңа үй іздеп жүрмін!» деген жазбашалры бар кітаптарды енді оңай таба алады.

Философия және саясаттану факультетітің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары мен студенттері «100 кітап» аясында «Кітап алмасу» қалалық науқанына қатысады.

Мәселен, 2015 жылдын 25 қыркүйек күні, студенттер факультет ғимаратынан 
28 панфиловшылар саябағында кітап үшін арнайы жәшіктер орнатылган жерге
бағыт алды. Үлкен қуанышымызға орай, кітаптар қалдырылғын жерлерінде ұзақ
аялдай алмады. Сол сәтте мүдделі оқырмандар табыла кеткені де өтірік емес.
Науқан «Жүректен жүрекке» атты форматында өтті.
Ұйымдастырушы: Н.Анарбек, Д.Джусубалиева

 

Басылым күні :  28.09.2015