Біз гүлдеген гүлзарлар мен қуанышты бейнелерді көргіміз келеді!

Біз "Гринкампус" жобасы аясында 2015 жылы 9 қыркүйекте студенттеріміз тұратын философия және саясаттану факультетінің жатақханасының алдына гүл ектік. Іс-шараға күнделікті жұмыстардан қолы бос студенттер қатысты. Олар жақын арада гүлденген композицияларды көру (келесі жылы) үшін жылдам, қуанышты еңбек етті. Гүлдеген өсімдіктерді күн батқанша егуге асықты, сондықтан да 19.00-20.00 уақыт аралығында еңбектенді. Барлығы осынау қысқа уақыттық табиғатпен тілдесуден жақсы әсерге бөленді. Көктемде барлымыздың қуанышымыз үшін гүлдеген лала гүлдері мен пион гүлдерін көреміз деп үміттенеміз! Гүл алаңын жасауға басқа кафедраларды да шақырамыз!

Басылым күні :  17.09.2015