«Қазіргі қоғамдағы денсаулық үнемдеудің технологияларын дамыту»

2015 жылдың 4 маусымында денсаулық үнемдеу бойынша Орал конгресі шеңберінде «Қазіргі қоғамдағы денсаулық үнемдеудің технологияларын дамыту» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының он-лайн кезеңі аяқталды. Конкурс 2015 жылдың 25 ақпан және 4 маусым аралығында жүргізілді және бірінші рет болды. Конкурстың мекемелері : Свердлов облысы басқармасы, Ресей бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Конкурстың тікелей ұйымдастырушысы УрФУ – дың дене тәрбиесі, спорт және жастар саясаты Институты.

Конкурста барлығы 33 студенттік ғылыми жұмыс ұсынылды.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды.

Бірінші сырттай кезеңде конкурстық комиссия эксперттері ғылыми жұмыстар тексттерімен жұмыс жасай отырып, келесідей критерийлер бойынша таңдап алды:

-          Мазмұнының тақырыпқа сай болуы;

-          Зерттеу облысындағы автордың пайдаланған теориялық және фактілік материалдарының көлемі;

-          Тақырыпты ашудағы жаңалық және ерекшелік;

-          Жұмысты жазу мен мазмұндау логикасы;

-          Қойылған міндеттерге түйіндердің сай келуі;

-          Материалды мазмұндау сауаттылығы.

Екінші іштей кезеңде 23 жұмыс таңдап алынды.

Конференция басы ұйымдастырушылар шешімімен конкурс дебютанттары, дене тәрбиесі, спорт және жастар саясаты Институтының бірінші курс студенттері Владимирова Анастасия, Елфимова София, Люба Полина түсірген қысқаметражды «Әлеуметтік жарнамалар супер-батырлары арқылы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтының алдын алу» тақырыбындағы жанды роликті көрсетумен басталды. Бұл «Тұлғаның салауатты өмір салты мәдениетін жарнама құралдары және қоғаммен байланыс арқылы дамыту» бағыты шеңберінде болатын. Осыдан кейін ішкі кезең қатысушылары баяндамаларымен шықты.

Баяндамаларды УрФУ, ҚазҰУ, УрГМУ, УрГУФК және гуманитарлы университет ғылым докторлары мен кандидаттары бағалады.

Конкурстың ішкі кезеңінде конкурстың Эксперттік Кеңесі мүшелері қатысты:

Еңбек сіңірген спорт шебері, Свердлов облысының Облыстық Заңнамалық Думасының депутаты Сергей Чепиков және еңбек сіңірген спорт шебері, Свердлов облысының Қоғамдық палатасы мүшесі Ольга Котлярова. Тәуелсіз эксперттер конкурс қатысушылар жұмыстары жөнінде өздерінің көзқарастарын еркін формада арнайы қағазға қалдырды.

Әрбір қатысушы баяндамасынан кейін жюри мүшелері мен эксперттер сұрақтар қойды. Баяндамалар келесі критерийлер бойынша бағаланды: презентацияның жұмыс мазмұнына сай келуі, терминдерді білуі, сұраққа жауаптың аргументтілігі.

Конкурс жайлы мына жерден біле аласыздар http://media.ls.urfu.ru/369/1009/


Басылым күні :  09.06.2015