«Спорт – өмір көркі!»

30.11.2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының профессоры Кожахметова К.Ж., оқытушы Ертарғынқызы Д. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттерімен (1-топ) «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Арнаулы «Жанұя» кешені тәрбиеленушілерімен «Спорт – өмір көркі!» атты спорттық жарыс ұйымдастырды. Балалар белсенділік танытып, қызықты ойын болды. Студенттердің тарапынан сыйлықтар тарту етілді.


Басылым күні :  20.05.2015