«Айналаңды нұрландыр»
Педагогикалық тәжірибе барысында 14 ақпан 2015 жылы №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 4 курс «Педагогика және психология» мамандығының студенттері және жалпы және этникалық психология кафедрасының студенттері, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің студенттерімен бірлесе отырып тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шара барысында психологиялық тәуелділік мәселелеріне, психологиялық тәуелділік түрлері (ойын, компьютерлік, тамаққа, киім алуға әуестігі «шопоголизм») қарастырылды.
Сонымен қатар, колледж қабырғасындағы студенттердің «неге тәуелді?» екенін статистикалық зерттеу мәліметтеріне тоқтала келе, тәуелділіктен арылу және алдын алу жолдарын көрсетті. Іс-шара №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің психологы Никольская Т.С. басшылығымен өткізілді.
Жауапты: 4 курс «Педагогика және психология» мамандығына педагогикалық тәжірибе жетекшісі Хадырбаева И.Е.