Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджмент» кафедрасы және №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі екі білім беру ұйымдары студенттері кәсіби бағдарлау мақсатында кездесті.

17 қазан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджмент» кафедрасының п.ғ.к., доцент Б.И.Иманбекова мен аға оқытушы М.Д. Мурзагулова ұйымдастыруымен №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж  басшысы  Мендигазиева Магишат Таскалиевна қолдауымен екі білім беру ұйымдары студенттері кәсіби бағдарлау мақсатында кездесті.

ҚазҰУ нің   “Педагогика және психология” мамандығының 4 курс студенттері “Педагогика және психология” және “Әлеуметтік педагогика” мамандықтарының ерекшеліктері мен кәсіби құзыреттілігін баяндай отырып, қоғамдағы өзекті мәселе «Мектептегі буллингтің алдын алу» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Колледж білім алушыларымен пікірталас кезінде ойындар, шығармашылық тапсырмалар орындалды. №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы өзара меморандум аясындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Басылым күні :  17.10.2024