XV республикалық пәндік олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттері “ Фараби жастары” командасы 1-ші орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 27-28 сәуір аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov university) педагогика және психология бойынша XV республикалық пәндік олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттері “ Фараби жастары” командасы 1-ші орынды иеленді. Екінші “Тәуелсіз Қазақстан ұрпағы” командасына “Үздік имидж” номинациясы берілді. Екі команданы және жетекшілері С.Ә. Рамазанова, Г.А. Қырғызханды, сондай-ақ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұжымын, студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!!! Есенов атындағы университетке сәттілік тілейміз!!!




Басылым күні : 01.05.2023






