«Ұлт дәстүрі – ұрпақ сабақтастығы» тақырыбында наурыз мерекесіне арналған Республикалық дөңгелек үстел өтті
2023 жылдың 21 сәуірінде Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы мен Ұлттық құндылықтар академиясы (ҰҚА) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеттерінің ұйымдастыруымен «Ұлт дәстүрі – ұрпақ сабақтастығы» тақырыбында наурыз мерекесіне арналған Республикалық дөңгелек үстел өткізді (офлайн және онлайн форматында).
Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің оқытушылар мен педагогтар құрамы (ОПҚ), педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ардагерлері, Ұлттық құндылықтар академиясының мүшелері мен ынтымақтастық ұйымдары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұстаздары, докторанттар мен магистранттар, шетелдік қазақ диаспора ассоциациялары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессоры Әлқожаева Нұрсұлу Сейткерімқызы жүргізді. Жүргізуші өз сөзін, қасиетті рамазан айында ниет етіп ұстаған оразамыз, берекесімен, қуанышмен, мерекесімен нұрын шаша келген айт мейрамы қабыл болсын – деп бастады! Бүгінгі Республикалық дөңгелек үстелімізге жиналған көпшілікті нағыз ұлт жанашырлары мен ұрпақ қамқоршыларынан мемлекет қайраткерлері деңгейіне дейін көтерілген зиялылар ортасынан көргіміз келеді. Оқушы балалар арасындағы қазіргі кезде белең алып отырған тәртіп бұзушылық, тәрбиесіздік, қатыгездік фактілерінің алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. 13 жасар қызды 11 сыныптың 2 оқушысы жауыздықпен өлтіріліліп, суға ағызып жіберілгендігі, т.с.с. қазіргі білім алушылардың арасында күн сайын өршіген, мектеп қабырғасында, тысқарыда қорқынышты оқиғалар белең алып, көбейіп кеткендігіне алаңдайтындығын жеткізді. Қазіргі таңда кез келген мемлекетте, қоғамда орын алып отырған түрлі келеңсіз оқиғаларды заңды құбылыс ретінде қарастырмауымыз керек. Осындай жан күйзелтетін, өзекті өртейтін бұл оқиғалар бізді әрекетсіз бей жай қалдырмауы керек. Бәрімізді ойландырып, толғандыратын жағдай! Қалайша бұл мәселелерге тосқауыл қоя аламыз? Барлық қоғамдық ұйымдарын, тәрбие беретін оқу орындарын т.с.с. түрлі салалар мамандарын жұмыла ойландыруы керек, әрекет етуіміз керек. Балалар арасындағы жағдайларға ата-аналарды да жауапкершілікке тартып, отбасы тәрбиесін де ұстаздармен, тәрбие ісімен айналысатын түрлі ұйымдармен бірлікте, ынтымақтастықта іске асырылыуын қажет етеді. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі болғандықтан ұлттық тәрбие негізінде мектеп-оқушы-ата-ана-қоғам арасындағы ықпалдастықты жақсарту жолдарын талқылау арқылы, мектептегі психолог және әлеуметтік педагог қызметі т.б. жалпы білім саласындағы өзгеріс эволюциялық сипат алғанда ғана өз жемісін береді. Ел болашағы – ұрпағымыздың ұлттық рухта тәрбие алып, адами болмысы қалыптасып, білікті де білгір маман иесі болу үшін тәлімдік, тағылымдық мазмұны терең осындай іс – шаралар жалғасын таба берсін! Әрбір басталған істеріміз негізделіп, жүйеленіп, жоспарлы түрде іске асқанда ғана нәтижесін көрсетеді.Құрметті әріптестер, болашақ ұрпағымызға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, тәрбие көздеріне негізделіп, талқыланған пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз хаттамаға тіркеледі және т.с.с құнды пікірлерін білдірді. Келесі құттықтау сөзді – Ұлттық құндылықтар академиясының басқарма төрағасы, хим. ғ. к. Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы алып, ұлтттық құндылықтар және отбасындағы бала тәрбиесі тақырыбында және бүгінгі жиын мемлекеттік деңгейде айырықша "Ұлттық тәрбиеге" қосатын үлесі зор мәнді де мағыналы екеніндігін жеткізді. Қазақтың рухани мәдениетін қалыптастырып отырған құндылықтар жүйесі, олардың ұлтық құрылымы тиянақталғанда, болашақ кәсіп иесі – жастарымыз, өз болашағына тірек болатындай рухани-мәдениеті жоғары, интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, патриот азамат ретінде мәдениетті елдікке негіз бола алады. Аға ұрпақ біздер – болашағымызды жасайтын жас ұрпаққа қамқорлық жасауымыз керек. Бүгінде ҰҚА ынтымақтастықта көптеген ұйымдармен байланыста ғылыми негізделіп, жүйелі түрде жұмыс атқарылуда. Ұлттық құндылықтар академиясы (ҰҚА) тарапынан ұсынылған үлгілер үйлестігі – ұрпағымыздың болашағы ұшін жұмсалатын құндылықтар жүйесі болатындығына кәміл сенімдеміз. Республика көлеміндегі іс-шара қазақ елінің рухани даму күнтізбегінде орнын ойып алатындай халықты ұйқысынан оятатындай рухани жандандырып, серпілтетін жаңа Қазақстандағы айтулы тарихи маңызды оқиға болмақ. Бұл игі бастамалар – құндылықтар идеясын дәріптейтін ауқымды игілікті істерге қызмет етуге мүдделі қоғам белсенділері, оқытушы – ғалымдар мен ұстаздар үлес қосып, жұмыла күш жұмсауымызды қажет етеді. Нәтижесінде, ұлттық құндықтарымызды жас ұрпаққа дәріптеудің тамаша көрінісі болмақ. Білім өрісіне қосар жаңашыл жаңалықтарыңыз нәтижелі болып, шығармашылық еңбектеріңіз сәттілік тілейміз дей келе, ұйымдастырушылар құрамына өз ризашылығын білдіріп, әріптестерінің абыройы да асқақтай беруіне тілектес екендігін және т.с.с. мағыналы ойларын тұжырымдап жеткізді. Баяндамамашы: Айдарова Закираш Шералықызы – Ұлттық құндылықтар академиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнертанушы ғалым «Наурыз мерекесі – халық даналығы»тақырыбына баяндама жасап, ерекше ыстық ықыласын білдіріп, дөңгелек үстелді тақырып талабына сай әсерлі ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушылар құрамына алғысының шексіз екендігін айтты! Закираш Шералықызы қысқа да ой салып толғандыратын баяндаманы ғылыми тұрғыда дәлелдеп сөзін қорытындылады, өз істінің шебер маманы екенін көрсете білді.

Соңында, Нұрсұлу Сейткерімқызы Республикалық дөңгелек үстел жұмысын, ендігі таңда сіздердің қолдауларыңызбен бұл бастама жалғасын табады деген үміттеміз деп қорытындылай келе, қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқтады. Екінші бөлімде факультеттің акт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультетінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылымы болды.

Республика көлемінде ұйымдастырылған «Ұлт дәстүрі – ұрпақ сабақтастығы» тақырыбында наурыз мерекесіне арналған Республикалық дөңгелек үстел – өте жоғары деңгейде өткізілуіне байланысты ҰҚА қоғамдық бірлестігі мүшелері мен бірге өткізілген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұжымына, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультетінің деканы Төлепберген Тоғжанов Төреахметұлы бастаған оқытушылар құрамына, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 1 курс докторанттарына, 7M01802-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бөлімінің 1 курс магитранттарына, осы мамандықтың 2 - курс магистранты Г. Б. Тойлыбекке ерекше ықыласпен алғысымызды білдіреміз! Қадірлі – оқытушылар, ғалымдар мен ұстаздар, сіздер жас ұрпақ үшін аянбай, талмай атқарған қызметтеріңізбен, ерен еңбектеріңізбен, сүйікті істеріңізбен дәлелдеп келесіздер! Еңбектеріңіз жемісті, абырой-беделдеріңіз асқақтай берсін! Біз сіздерді ардақтаймыз, әрбір бастаған істеріңізге сәттілік тілейміз!







