"Мейірімділік үшін әрекет ету қабілеті"

2015 жылдың 2 сәуірінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алматы облыстық № 1 балалар үйінде «Өмірге тұрақтылықты дамыту, тұлғалық өзара қарым-қатынастағы қақтығыстар мен стрессті түсіру» тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесудің пәні – балаларда өмірге тұрақтылықты дамыту жолдары, «қарамастан» әрекет ету қабілеті, қойылған мақсатқа жете отырып, келесіге акцент жасадық – өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі қолдаудың жолдары.

Бағдарламада келесілер қарастырылды: әңгімелесу, тестілеу, тренингтік жаттығулар, видеоматериалдар көру.

Балалармен жұмыс жасауда теорияны терең біліп қана қоймай, балалармен жұмысты сезіне отырып, болашақ мамандығына практикалық дайындықты қалайтын «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері және «Эмпатия» ғылыми үйірмесінің қатысушылары белсенділік танытты. Олар өздерінің сенімсіздіктерімен кәсіби жұмыс жасауға, балалардың назарын аудартуға, нақты әдістемелер ұсыну және жүзеге асыруға, үйренді.

Жұмыс соңында тәрбиеленушілердің қоштасуға асықпағандықтары – жұмыстың сәтті өткендігінің айқын көрінісі!

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы оқытушылары

Пузикова С.М., Мадалиева З.Б, Вишневская А.В.


Басылым күні :  08.05.2015