ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2023 ЖЫЛЫ 17 АҚПАНДА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР Ш.Т. ТАУБАЕВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
Конференцияға қатысуға жоғары және орта кәсіптік-педагогикалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, біліктілікті арттыру орталықтарының педагог-мамандары, әлеуметтанушылар, педагогтар, психологтар, докторанттар, магистранттар шақырылады.
Конференция педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының және Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ш.Т. Таубаеваның 75 жылдығына арналған.
Конференцияның мақсаты: үздіксіз білім беру жүйесіндегі теориялық, әдіснамалық мәселелерді талқылау. Ғылыми зерттеу әдіснамасын дамыту мәселесі бойынша ғалымдардың, магистранттардың, практиктердің зерттеу нәтижелері мен инновациялық тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасу, ғылыми таным мен эксперименттік зерттеулердің әртүрлі деңгейлерін қарастыру.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:
1. Педагогика ғылымының философиялық және әдіснамалық негіздері
2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістемесі мен әдістері
3. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімнің зерттеу мәдениеті
5. Жоғары оқу орнындағы тәрбие берудің теориясы және әдіснамасы
6. Ғылым мен білім берудегі инновациялық тұғыр: түсіну және іске асыру
7. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімнің сандық құзыреттілігі
8. Профессор Ш.Т. Таубаеваның еңбектеріндегі ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін дамыту






