ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ ГҮЛНАС КЕНЖЕТАЙҚЫЗЫ АХМЕТОВАНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «УНИВЕРСИТЕТТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН УАҚЫТ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ.

Бүгін  қыркүйек айының 22- cі Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар Академиясының Академигі, қоғам қайраткерінің 70 жылдығына арналған «УНИВЕРСИТЕТТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН УАҚЫТ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: университетте білім беруді дамытудың конструктивті стратегияларын талдау,  жетекші дамыған елдердің білім беру жүйесінің басым бағыттарын талқылау, университетте оқыту-тәрбие үдерісін жүргізудің заманауи әдістері мен технологияларын арттырудың тиімді жолдарын айқындау. 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Қазақстанда педагогикалық білім берудің тарихы мен тенденциялары
  2. Университеттегі педагогикалық білімнің болашағы, инновациялық дамуы мен оқу- тәрбие үдерісінің өзекті мәселелері
  3. Білім берудегі цифрлық трансформация: әдіснамасы мен тәжірибесі
  4. ЖОО білім берудің заманауи моделі: тенденциялары мен стратегиялары

 

 

 

Басылым күні :  09.02.2023