«Қауіпсіз балалық шақ құқық және әлеуметтік-педагогикалық ұғым ретінде» атты Вебинар: әл-Фараби ат. ҚазҰУ (Алматы) мен ПМГПУ (Пермь) ынтымақтастығын жүзеге асыру

   2015 жылы 24 сәуірінде сағат 11-де (Пермде сағат 10.00) Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция шеңберінде «Қауіпсіз балалық шақ құқық және әлеуметтік-педагогикалық ұғым ретінде» атты ВЕБИНАР өтті. Вебинардың ұйымдастырушылары Перм мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті құқық және әлеуметтік-педагогикалық білім беру факультеті (Перм қаласы, Ресей), п.ғ.к., доцент Метлякова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Философия және саясаттану факультетінің деканы филос.ғ.д., проф. Масалимова А.Р. (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы).

  Вебинардың ашылуын және конференция қатысушыларын таныстыруды құқық және әлеуметтік-педагогикалық білім беру факультетінің деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Коробкова В.В. өткізді. ҚазҰУ атынан сәлемдесу сөзін жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Мынбаева А.К. сөйледі.

  Вебинар жұмысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан жалпы және этникалық педагогика, жалпы және этникалық психология, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедраларының оқытушылары (проф. Жаназарова З.Ж., Шеденова Н.У., Нурбекова Ж., Касен Г.А., Кабакова М.П., Файзуллина А.К. және т.б.) қатысты. Сонымен қатар студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

  3 баяндама жасалынды:

1)      Файзуллина А.К. (жалпы және этникалық психология кафедрасының аға оқытушысы) – «Алматы қаласы Арнайыландырылған ювеналды заңды кеңес беруде әлеуметтік психологтардың жұмыс тәжірибесінен»;

2)      «Әлеуметтік жұмыс» - мамандығының 4 курс студенті – «Медициналық мекемелерде қатерлі ісікке шалдыққан балаларға және олардың отбасыларына медициналық-әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» (ғыл.жет. проф. Шеденова Н.У.);

3)      Жаназарова З.Ж. - (әлеум.ғ.д., әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, әлеум.ғ.д.) – «Заманауи қазақстан қоғамында жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы құндылықтары».

  Ресейлік әріптестер тарапынан:

- сәлемдесу – ПМГПУ проректоры, тарих ғ.д., проф. А.М. Белавин және п.ғ.к., доцент К.Б. Егоров;

- Миков П.В., Перм өлкесінде бала құқығы бойынша құзыретті тұлға – «Перм өлкесіндегі балалар және отбасы қолайсыздығын алдын алудың өзекті мәселелері»;

- Решетников О. А., «Перм өлкесінің жас заңгерлер ассоциациясы» Басқарма Төрағасы – «Құқық саласы бойынша оқытушыларды даярлауда заңгерлер кәсіби бірлестігінің қатысуы: тәжірибе мен жетістіктері», сондай-ақ басқа да ғалымдар қатысты.

  Соңында вебинар қатысушылары сөз сөйлеушілерге сұрақтарын қойды. Ювеналды кеңес беру шеңберінде әлеуметтік психологтарды ұйымдастыру мәселесі бойынша конференция қатысушылары Қазақстандағы ювеналды юстиция мәселесіне қатысты, жасөспірімдерді әлеуметтендіру жүйесінің жұмыс ерекшеліктері, құқық бұзушылармен жұмыс тәжірибесі туралы сұрақтар қойды. Бұл заманауи қоғамдағы ювеналды юстиция мәселесіне ресейлік әріптестердің қызығушылығын көрсетеді.

  Кыдырмоллаева Эльмираның медициналық мекемелерде қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен олардың отбасыларына медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы баяндамасы қызығушылық тудырды. Эльмира вебинар қатысушыларына презентация форматында қызықты материал ұсынды. Қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен олардың отбасыларына медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселесі ресейлік әріптестерімізді және Перм мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің студенттерін бей-жай қалдырмады.

  ПМГПУ-ң құқық және әлеуметтік-педагогикалық білім беру факультеті (Ресей, Пермь қ.) мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінің (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) ынтымақтастығы шеңберінде өткізілген вебинар ары қарайғы кәсіби өзара әрекеттесу қажетілігін көрсетті.

  «Қауіпсіз балалық шақ құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық ұғым ретінде» атты конференцияның өзекті мәселелерін талқылауда Вебинар қатысушыларының (оқытушылар, студенттер, магистранттар, қоғамдық ұйым өкілдері) белсенділігін көру бізді қуантты.

  Аталмыш іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсеткені үшін доцент Кабакова М.П., техникалық қолдау көрсеткені үшін ҚазҰУ ақпараттық технологиялар және ақпараттық даму институтына, Калиева У. -ге алғыс білдіреміз.

  On-line режимдегі осындай конференцияларды өткізу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң жақын және алыс шет елдердің жетекші ЖОО-мен кәсіби ынтымақтастығының дәстүріне айналады деген үміттеміз.

 

Басылым күні :  27.04.2015