Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

6.12.2021 ж. сағ 17:00 де № 9 жатақханада «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушылары Ақбаева Г.М., Мырзағұлова М.Д. ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс, «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс түркмен студенттерімен «Тәуелсіздік бастауы желтоқсан» атты тақырыбында халықаралық тәрбиелік іс-шара өткізілді. Халықаралық тәрбиелік шарада студенттер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын, елдің егемендігін аңсаған жастардың 1986 жылы желтоқсандағы ерлігін, «Балбырауын» күйін, «Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын, жас өркені халқымның», - деген өлең шумақтарымен қоса «Алға Қазақстан!» флешмоб биі және «Атамекен» әнімен аяқтады. Белсене қатысқан студенттерге алғысымызды айтамыз.

 

 

Басылым күні :  16.12.2021