Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

29.11.2021ж. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне, 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктеріне шолу жасалды. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері еліміздің әлем таныған ел екенін дәлелдеп, білімдерін кеңейтті және тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Бактыбаев Ж.Ш., педагогика ғылымдарының кандидаты Молдасан Қ.Ш., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранттары Сағынбаева Г.Қ., Габбасова Г.Д.

 


Басылым күні :  11.12.2021