Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу»

26.11.2021 ж. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Сейтқалым А.С., «Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» мамандығының 1 курс магистранты Қапанова А. Ш., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Бақтыбаев Жанат Шаймұратұлының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім» атты Zoom платформасында онлайн форматта әлеуметтік -тәрбиелік іс-шара өткізілді. Әлеуметтік- тәрбиелік іс-шарада тәуелсіздікті асыға күткен, ел үшін, жер үшін, ана тілі үшін деп өз өмірлерін қыршыннан қиған боздақтардың, нағыз ерең еңбегін жаңғыртып, тәуелсіз таңы үшін мәңгілік қарыздар екені баяндалды. Студенттер тәуелсіз елдің таңы атысымен елімізде орнаған елеулі жетістіктерге көз жүгіртіп, тәуелсіздік күнінің өздері үшін қаншалықты әсерлі күн екенін жеткізе отырып, тәуелсіздік туралы, Отан туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды.

Әлеуметтік-тәрбиелік іс-шараның мақсаты студенттердің бойына ұлттық сананы сіңдіріп, өз елін, жерін қастерлеуге, тәуелсіз таңымыздың атуына себепші болған желтоқсаншыларды әрдайым құрметтей отырып, шынайы разы болуға және ел мұрасын жалғастыруға тәрбиелеу.

Барша қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!

 

 

 

 

Басылым күні :  11.12.2021