Тәуелсіздік- тұғырым

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты 26 қараша күні №9 жатақханада «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік- тұғырым» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік- біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз екенін, Тәуелсіздік – ең алдымен, ата-бабамыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі екенін түсіндіру. Тәуелсіздік – ана тіліміздің, ұлттық салт-дәстүріміздің мызғымас тірегі. Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша екенін тәрбиелік іс-шара барысында студенттер талдау жасады, пікірлерін бөлісті. 





Басылым күні :  11.12.2021