Білім беру кеңістігіндегі Денсаулық мәдениеті

21 қазан 2021 ж. К. Д. Ушинский атындағы Ярославль Мемлекеттік педагогикалық университетінің бастауышта оқыту педагогикасы мен психологиясы кафедрасы "Білім беру кеңістігіндегі Денсаулық мәдениеті" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Конференцияға жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушылары, мектептер, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, Ресейдің әртүрлі өңірлерінен және шетелден келген магистранттар мен жас ғалымдар қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының професорлық-оқытушылары қатысты, атап айтқанда, п. ғ. д., профессор А. С. Мағауова "Әлеуметтік терапия инклюзивті білім берудегі денсаулықты сақтайтын технология ретінде", п. ғ. д., доцент А. Б. Мукашева "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуге педагог-психологтарды даярлау", п.ғ.к., доценті Бактыбаев Ж. Ш. және "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 2 курс магистранты Г.Габбасова "Аутизм синдромы бар балалардың білім алу қажеттіліктерін дамытудың заманауи үрдістері" тақырыптары бойынша баяндамаларын ұсынды.

Конференция барысында жалпы білім беру кеңістігінде денсаулық мәдениетін қалыптастыруға байланысты мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Аталған мәселелер бойынша тәжірибелік жұмыс алмасу дискуссиясы жүргізілді. Сонымен қатар, болашақ педагогтарды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлаудың ерекшеліктері қаралды және кәсіби байланыстар орнатылды.

Басылым күні :  20.11.2021