Ғылыми семинар

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ, Философия  және саясаттану факультеті, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасында кезекті ғылыми семинар болды. Семинар барысында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Сабитоллаевна Мағауова «Магистрлік диссертацияны жазуға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында баяндама жасады. Тақырып барысында ғылыми зерттеу аясындағы өзекті мәселелер айтылды.   Докторанттар мен магистранттар ғылыми зерттеу жұмысы бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салды. 

 

Басылым күні :  20.11.2021