«Дені саудың – жаны сау»
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаттары Әрінова Б.А., Молдасан Қ.Ш және "Педагогика. Білім беру менеджменті" мамандығының магистранттары Сакен Аида мен Тасқын Айдананың ұйымдастырумен 30.04.2021жж. 14:00-де "Педагогика және психология" 2 курс студенттерімен «Дені саудың - жаны сау» атты республикалық деңгейдегі ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына Алматы мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті Сакен Мадина денсаулықтың адам өміріндегі орны, салауатты өмір салты туралы ойларымен бөлісті. Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жиғанбай Ақбота қазіргі жағдайларға байланысты онлайн оқудағы студенттердің пихологиялық денсаулығы туралы мәліметтермен бөлісіп, студентердің өзін-өзі күте білу керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар бұл тәрбие сағатының құрметті қонағы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының орталық ауруханасының мейірбикесі Жансая Амангелді денсаулықты сақтау, пандемиялық жағдайдағы алдын алу шаралары және иммунитетті көтеруге байланысты кеңестер берді. Денсаулықты сақтау, өзін-өзі саламаттандыру бойынша студенттер сұрақ қойып пікір алмасты. денсаулыққа байланысты тест алынып, студенттермен кері байланыс жүргізілді. Тәрбиелік іс-шараны п.ғ.к Әрінова Бақыт Айтуқызы мен Молдасан Қуаныш Шорманқызы қорытындылып келген қонақтарға алғыс білдірді.
Басылым күні : 15.05.2021