«Жеңіс мәңгі жүрегімізде»
- 2021 жылдың 8 мамыр күні Zoom платформасында онлайн форматта "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында «Жеңіс мәңгі жүрегімізде» тақырыбындағы Халықаралық деңгейде тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс орыс бөлімі, 3 курс қазақ бөлімі студенттері «Педагогика және Психология» 2 курс орыс бөлімі студенттері және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің Менеджмент мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара әр ұлт өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шара құттықтау сөздерден бастау алып, студенттердің 9 мамыр жеңіс күніне арналған өлең жолдарымен жалғасын тапты. Құттықтаулардан соң Ұлы Отан соғысында Отан үшін жанын қиған жауынгерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз батылдығы, табандылығы, борышқа адалдығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі туралы айтылды. Студенттер Ұлы Отан соғысына қатысқан Б. Момышұлы, Т. Бигельдинов, Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев , Әлия, Мәншүк және Хиуаз сынды батырлардың ерлігіне шолу жасалды. Іс-шара соңында «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында » видеоролик көрсетілді. Ұлы Жеңіс туралы естелік мәңгі біздің жүрегімізде қалады.Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Г. М. Ақбаева және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің оқытушы Аллахверанова З.А.
Басылым күні : 12.05.2021