«Қазақстанның халықтар бірлігі»
- 2021 жылдың 6 мамырында Zoom платформасында онлайн форматта Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Қазақстанның халықтар бірлігі» тақырыбындағы халықаралық іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс орыс бөлімі, 3 курс қазақ бөлімі студенттері «Педагогика және Психология» 2 курс орыс бөлімі студенттері және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің Менеджмент, Аударма ісі мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара әр ұлт өкілдерінің қатысуымен өтті. Студенттер Қазақстан халықтар бірлігін күнін, достық пен ынтымақтастықты, Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ-берекені насихаттады. Студенттер қазақ, орыс, түрік, азербайжан тілдерінде Қазақстан халықтары бірлігі туралы сөз қозғады. Қазақтың байтақ даласында өмір сүретін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір 140- дан астам ұлт өкілдері мен ұлыстары қазақ елін өз туған жұртындай көреді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністігі баға жеткізгісіз құндылық, ал бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық бүкіл мемлекеттік саясатымыздың негізі жайлы айтылды. Дүрбелеңге толы бүгінгі заманда Қазақстан басқаларға ұлтаралық татулықтың, бір-бірінің құқығын бұзбай, өзара сенімділікпен өмір сүрудің нағыз үлгісін студенттержеткізе білді. Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Г. М. Ақбаева және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Курмангалиева А.Н., оқытушы Аллахверанова З.А.
Басылым күні : 12.05.2021