«Ер есімі – ел есінде!»

  • 2021 жылдың 4 мамыр күні "Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясында  9 мамыр – Жеңіс күніне арналған "Ер есімі – ел есінде!" атты Ұлттық деңгейде тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер тақырыпқа байланысты пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Мәншүк Мәметованың «Анасына жазған хаты» монологын, «Майданнан хат» және т.б. Жеңіс күніне арналған өлең шумақтарын оқыды. Студенттер тарапынан тақырыптар аясынан сұрақтар қойылды, нақты жауаптар берілді. Ерекше әсер алған тәрбиелік іс-шараның қатысушылары және қонақтар шара ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.
  • Ұйымдастырушылар: «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушылары: Касымова Р. С., Рамазанова С.А., «Педагогика және психология» мамандығының 1 - курс магистранты Жапсар Абылайхан Мырзабекұлы

Басылым күні :  11.05.2021