«Тайм-менеджмент: барлығына үлгеру үшін уақытты қалай дұрыс жоспарлау керек?»

 

  •      2021жылдың 15-сәуір күні "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында   Республикалық Ұлттық деңгейде "Тайм-менеджмент: барлығына үлгеру үшін уақытты қалай дұрыс жоспарлау керек?" атты тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Дөңгелек үстел мүшелері: Назарбаев университетінің магистрі Макенова Мөлдір Мейрам қызы, “LAGOM Study” орталығының директоры Таджимбетова Айнур аталған тақырыпта өз білімдерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қарастырылған тақырыптар: «Тайм-менеджмент: уақытты ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі ретінде», «Уақыт тапшылығы 21 ғасыр індеті». Ерекше әсер алған дөңгелек үстел мүшелері, және қонақтар шара ұйымдастырушыларына, дөңгелек үстел мүшелеріне өз алғысын білдірді.
  • Ұйымдастырушылар: «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушылары: Рамазанова С.А., «Педагогика және психология» мамандығының 1 - курс магистранты Маширикова Ф.А.

Басылым күні :  11.05.2021