«Бірлігіміз жарасқан!»


  • 2021жылдың 26 сәуір күні "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында  "Бірлігіміз жарасқан!" атты Халықаралық деңгейде тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Тәрбиелік іс-шара барысында студенттерді топқа бөлу арқылы мақал-мәтел сайысында үздік топ анықталып, жоғары бағаланды. Сонымен қатар, тәрбиелік іс-шараның қонақтары, Польша мемлекетінің Лодзь университетінің, «Халықаралық қатынастар: азиялық бағыт» мамандығының 5-курс студенті Eugene Peltek пен Қытай мемлекетінің Цзянсу Педагогикалық университетінің «Халықаралық қытай тілін оқыту» мамандығының 4-курс студенті DuAnQi тақырыпқа байланысты Қазақстан туралы өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер тарапынан тақырыптар аясынан сұрақтар қойылды, нақты жауаптар берілді. Ерекше әсер алған тәрбиелік іс-шараның қатысушылары және қонақтар шара ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.
  • Ұйымдастырушылар:«Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушылары: Молдасан Қ.Ш., Рамазанова С.А., «Педагогика және психология» мамандығының 1 - курс магистранты Естанат С.Н.

Басылым күні :  28.04.2021