«Тәуелсіздік – таң нұры»

  • Сәуірдің 21 жұлдызында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай арналған «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары Габбасова Г. мен Сахан М. ұйымдастырумен   «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» , «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттерімен   «Тәуелсіздік – таң нұры» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатын ұйымдастыруға жетекшілік еткен оқытушылар: Бақтыбаев Ж.Ш мен Атем М.Н болды. Ашық тәрбие іс-шараның мақсаты бірнеше аспектілерді құрды. Біріншіден, білім беру тұрғысынан,студенттердің ел туралы білімін тереңдету және жүйелеу, оның әлемдегі орны, өзінің және мемлекетің болашағын жобалау. Екінші, дамытушы, студенттердің талдау, сыни ойлау, өз көзқарасын білдіру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, тәрбиелік мақсаты, студенттерге отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге, ел намысын қорғап, туған жердің тұғырын биікке көтеруге білімді де білікті мамандар керек екенін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді зерделеп, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағатында студенттер өздерінің тәуелсіздікке арналған өлең жолдарымен бөлісіп, викторина мен мақал-мәтел сайысына қатысып, өздерінің белсенділіктерін көрсетті.

Басылым күні :  26.04.2021