«Жастар және дін»
- 2021жылдың 23-сәуір күні "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Жастар және дін" атты Республикалық Ұлттық деңгейде дөңгелек үстел, тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Дөңгелек үстел мүшелері: Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі; Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы; Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманыҚамбай Әйкерім; Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы, Еуразия Ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қуатов Арулан; Нұр- Мүбарақ Египет ислам мәдениеті университеті түлегі Сапарниязов Қанат; Қазақ Ұлттық университетінің 4 курс дінтану мамандығының студенті Омарқұл Әли өздерінің тақырыптарын баяндап шықты. Дөңгелек үстел барысында қарастырылған тақырыптар; «Дін және жастар: мәселе өзектілігі және шешу жолдары», «Дін және жастар субмәдениеті», «Дін және тәрбие», «Дін және салт дәстүр». Студенттер тарапынан тақырыптар аясынан сұрақтар қойылды, нақты жауаптар берілді. Ерекше әсер алған дөңгелек үстел мүшелері, және қонақтар шара ұйымдастырушыларына, дөңгелек үстел мүшелеріне өз алғысын білдірді.
- Ұйымдастырушылар:«Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушылары: Булатбаева А.А., Рамазанова С.А., «Педагогика және психология» мамандығының 1 - курс магистранты Қожаева А.А.
Басылым күні : 26.04.2021