Психология пәнінен ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

АҚПАРАТТық ХАТ

Психология пәнінен ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және ҚР БҒМ ұсыныстарына байланысты республикалық пәндік 2020-олимпиадаларын қашықтық форматта өткізу туралы шешім қабылданғанын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Олимпиадаға қатысуға "5В050300-Психология" мамандығы бойынша оқитын қазақстандық ЖОО- ның 2-4 курс студенттері - психология пәнінен пәндік олимпиаданың университетішілік (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары шақырылады. Қатысу тілі: қазақ, орыс. Бір университеттен 4-тен көп адам қатыса алмайды, өткен олимпиадаларға қатысушылар жіберілмейді.

"050300 - Психология" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу форматы: ғылыми жұмыстар/жобалар конкурсы. Жіберілген жұмыстар Конкурстық комиссия алдында онлайн-режимде ұсынылатын болады. Конкурстық комиссияның отырысы 2020 жылғы 16 сәуірде Нұрсұлтан қаласы бойынша сағат 14.00-де өтеді.

2020 ж. 15 сәуірде қатысушыларға ғылыми жұмысты онлайн-режимде қорғауға арналған шығу кестесі жіберіледі. Әр командаға 10-15 минут беріледі . Жұмысты бір студент ұсынады.

Олимпиадаға ғылыми жұмыстар 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін электрондық поштаға жіберілуі тиіс. ЖОО- дан бір жұмыс PDF және Word форматында ұсынылады (плагиатқа тексеру үшін). Жұмыспен қоса берілген ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ берілуі тиіс.

 

Байқау тақырыбы: «Психологиялық зерттеулеріндегі Әл-Фарабидің идеялары»

ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен 2020 жылын Шығыстың ұлы ойшылы - Абу Наср ибн Мұхаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жылы деп жариялады. Байқауға студенттердің әл-Фарабидің ғылыми мұрасын психологиялық турғыдан ғылыми еңбектері, сонымен қатар қолданбалы психологиялық зерттеулерде шығыстың ұлы ғалымының идеяларын дамыту кіруі мүмкүн.

Жұмысты жеке немесе топтық турде жасауға болады. Жоба ғылыми зерттеулерге қойылатын талаптарға сай болу керек (титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі).

Барлық жұмыстар плагиатқа тексеріледі (жұмыстың бірегейлігі - кем дегенде 75% болу керек), егер плагиат дәленденсе, жұмыс конкурстан алынады. Жұмыс көлемі 20-40 бет.

Ресімдеу талаптары:

- бет параметрлері: жоғарғы шеті 2 см, төменгі шеті 2 см, сол жақ шеті 3 см, оң жақ шеті - 1,5 см;

- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт размері - 12pt;

- жоларалық интервал - жалғыз; азат жолы- 1 см; кітап бағыты.

 

ЕСКЕРТУ! Ғылыми жұмыс 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін 24:00-ден кешіктірілмей kudsandugash@gmail.com электронды поштасына міндетті жіберілуі керек. «Тақырып» жолында «Психология бойынша олимпиада» және университет көресетілу керек.

 

Психология бойынша республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері www.kaznu.kz сайтында 2020 жылдың 20 сәуірінен кешіктірілмей жарияланады.

 

1,2,3 орындарды иеленген Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары (ЖОО командаларын ұсынатын жеке студенттер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Командалар үшін номинациялар қарастырылған.

 

Анықтама телефондары:

жалпы және қолданбалы психологиясы кафедрасы +7 (727) 377 33 33 ішкі1735,

Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна, тел. +7 777 206 85 37 (WhatsApp),

е-mail: kudsandugash@gmail.com 

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1. Қатысушының аты-жөні (толық) _____________________________________

2. Мамандық щифры, курсы, оқу тілі ___________________________

3. ЖОО (толықатауы) ____________________________________________

4. Мекен-жайы ___________________________________________________________

5. Қатысушыныңбайланыс телефоны, электронды поштасы_______________________

6. Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы және оның байланыс телефоны, электронды поштасы_______________________________________________

Басылым күні :  25.03.2020