«Өмірдегі авторлық ұстанымы: психологиядағы нарративтік тәсілдің негізі» тақырыбындағы «Айналанды нұрландыр» атты жобасы негізіндегі тәрбиелік іс-шара

 

2018 жылдың 1-ші наурызында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында «Ambition International Business Qualification» ЖШС-ның коучі, психол. ғ. к., нарративтік практик Айдарбеков Кайрат Анварбекулынын қатысуымен «Өмірдегі авторлық ұстанымы: психологиядағы нарративтік тәсілдің негізі» тақырыбында мастер-класс түрінде тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараға КазҰУ-ң Философия және политология факультетінің студенттері, биология және география факультетінің магистранттары, UIВ, AlmaU университеттерінің түлектері, тәжірибе алушы психологтар қатысты. Барлығы 16 адам.

Мастер-класстың кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысып, олардың өмірдегі мақсаттары мен өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

Негізгі бөлімде тренер адамның авторлық ұстанымы туралы түсінік беріп, өмірде өзін-өзі танудың мүмкін болатын жолдарын көрсетті. Көрнекілік үшін фильмдердін ұзінділер көрсетілді. Содан кейін өзіндік жеке тәжірибесін түсіну және жеке жетістіктердің сыртқы және ішкі параметрлерін анықтауға байланысты тапсырмалар берілді.

Қорытынды бөлімінде тренер «5 жылдан кейінгі Мен» атты жеке жобасында жетістікке жету жайлы қадамдық схемасын көрсетті.

Соңында қорытындылар жасалды, барлық қатысушылардан жауап алынды. Қатысушылар жаңа тәжірибе мен білім алғандарына, және тәжірибелі тренер, жетістіке жеткен психолог-практикпен жұмыс жасағандарына қанағат болгандарын айтты. Сонымен бірге «5 жылдан кейінгі Мен» жобасында жетістікке жету құштарлығы мен мотивациясын күшейүнін білдіртті.

Жалпы айтқанда, мастер-класс қатысушылар арасындағы диалог түрінде, достық қарым-қатынаста өтті.

Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. Кабакова М.П.

 

 

 

Басылым күні :  07.03.2018