Кафедраның ғылыми-инновациялық жобаларын талқылау

2019 жылы 8 қарашада органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы №13 жатақханадағы кафедраның ғылыми – инновациялық жобаларына арналған 5В060600 – Химия, 5В07200 – ХТНВ, 5В072100 ХТ және 6В6В07201-фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында іс-шара өткізді. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасында 30%-ға дейін жұмыс істеуге студенттер тартылатын гранттық және бағдарламалық-мақсатты бағыттағы көптеген жобалар жұмыс істейді. Сонымен қатар кафедрада 2 үйірме жұмыс істейді: "Органик" және "жас полимерші".

Басылым күні :  30.05.2020