«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында «Көркем әдебиет әлеміне саяхат» тақырыбымен өткізілген іс-шара

Сәуір айының жиырма бірінші жұлдызында «Органикалық заттар табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы» кафедрасының «Химия» мамандығының 4-курс студенттері және х.ғ.д., профессорлар: Ж.А. Әбілов, М.Қ. Бейсебеков, х.ғ.д., доцент Ш.Н. Жұмағалиева және х.ғ.к., аға оқытушылар: Р.С. Иминова және Г.Ж. Қайралапованың ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Көркем әдебиет әлеміне саяхат» тақырыбымен әдеби-танымдық топтық сайысы өтті. Бұл сайыс әлем әдебиетінің шамшырақтары, көнені өзіне серік қылған, мәдениет, тарих, салт пенен дәстүрді насихаттауда, осы күнге дейін сол жауһарлардың сақталуында басты рөлді атқарып келе жатқан көркем әдебиетке арналды. Төрт кезеңнен тұратын сайысымызға студенттер арасынан суырылып алты топ шықты. Бұл топтар өздерінің әдеби білімін «Рух жанартаулары», «Өшпес өміршең өрнек», «Жұмбақ кейіпкер» және «Кино – шайқас алаңы» кезеңдерінде сынады.

Сайыстың жалпы нәтижесінде «Тарлан» тобы жүлделі ІІІ орынға, «Жалын» тобы ІІ орынға, «Қазына» тобы І орынға ие болды.



Басылым күні :  12.05.2015