«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Үміт үзгім келмейді» тақырыбымен өткізілген іс-шара
Сәуір айының жиырма үшінші жұлдызында «Органикалық заттар табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы» кафедрасының оқытушылары х.ғ.д., профессорлары Ж.Ә. Әбілов және М.Қ. Бейсебеков, х.ғ.д., доцент Ш.Н. Жұмағалиева және х.ғ.к., аға оқытушылары Р.С. Иминова және Г.Ж. Кайралапованың мен «Химия» мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» қойылымын тамашалауға барып келді. Бұл іс-шара студенттерді әдептілікке, барға қанағат етуді, тәрбиеге, алдыға мақсат қоя білуге шақырған іс-шара болды.
Басылым күні : 11.05.2015