«Brighten the corner where you are! »

Біз, аға оқытушылар Карашина Г.Т., Оразаева Г.А., Мусанова Г.А., Дыханова А.Ш., 2017 жылдың 13-ші қазан күні сағат 15.00-16.00 аралығында, 409 аудиторияда заң факультетінің бірінші курс студенттерімен бірге университеттік «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Тіл - халықтың жаны» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатына қатысқан студенттер аудиторияны әртүрлі шарлармен, плакаттармен, жазушылардың нақыл сөздерімен безендірді. Тәрбиелік іс-шараны заң факультетінің 1 курс студенті - Төлеген Аяжан ағылшын тілінде жүргізді. Сонымен қатар, топ студенттері өздерінің тілге деген көзқарастарын ауызша, домбырамен күй тарту арқылы, ағылшын тілінде өлең оқумен жеткізді. 1- курс студенттері Сатбаев Абылай мен Алиев Ақназар өздерінің тіл туралы ойларын М.Жұмабаев пен С.Есениннің шығармаларынан үзінді өлең оқып жеткізді. Ахметжанова Карина өзі шығарған «Leisure» өлеңін оқыды, ал оның қазақ тіліндегі аудармасын онымен бір топта оқитын студент аударды. Сонымен қатар, студенттер күй тартып, ағылшын тілінде ән айтты. Тәрбиелік іс-шараның соңында аға оқытушылар Карашина Г.Т. және Оразаева Г.А. студенттерге тіл туралы, шетел тілдерін меңгерудің маңыздылығы туралы айтып, іс-шараға белсене қатысқан барлық студенттерге өз алғыстарын білдірді. Студенттер тәрбиелік іс-шараның соңында әйгіді Morandi тобының «Angels» әнін ағылшын тілінде орындап, қорытынды жасады.       

Басылым күні :  16.10.2017