Қош келдің әз-Наурыз!

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

   Елбасымыз өзінің  «Қазақстан-2050» стратегиясында «дәстүр және мәдениет ұлттың генетикалық коды болып табылады.»деп айтып өткен болатын. Сонымен қатар, көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің стратегиясында былай деді: «Наурыз - біздің көпұлтты еліміздің бүкілі тойлайтын ежелгі мереке. Қазақ халқының мәңгілік құндылықтары, азаматтарымыздың жұмысы, отбасы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу және өз дәстүріміз бен салтымызды сыйлауға үйрететін мереке .Наурыз - көпұлтты қазақстандық қоғам, әр түрлі мәдениеттер арасындағы ғажайып синтез және достықтың үлгісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бас ғимаратының алдында 22 сәуір, 2017,   біздің студенттер мен оқытушылар үшін Ұлыстың Ұлы Күні –Наурыз мейрамы атап өтілді. Green Technology орталығының салтанатты ашылу ретінде, университеттің сыйлы қонақтары жаңа нано-технологияларда жасалған жас ғалымдар мен студенттердің жобаларымен танысты. Дипломаттар мен сыйлы қонақтарымызға өте сирек кездесетин ағаш түрлерін «ЭКСПО-2017» саябағына отырғызу мәртебесі бұйырды. Мерекелік іс-шара музыкалық және театр қойылымдарымен жалғасты.

Қыдыр Ата бабаның батасы айтылып наурыз-шашу дәстрімен басталды, Шашу сәттілік пен қауныш, шаттық әкелуіне үміттендіреді, мерекелік көңіл-күй өз орнын тапты. Наурыз мейрамы барлық халықтар үшін ол көктемгі жаңару, махаббат құнарлылығын және достық салтанат символы болып табылады.



Басылым күні :  27.04.2017